• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 12 Желтоқсан, 2022

Дайын инвесторлардан айырылып қалып жатырмыз – Тоқаев

329 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында инвестиция саясаты жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Менің тапсырмаммен инвестициялық жобалардың бірыңғай жүйесі әзірленді. Алайда биыл жоспардағы 284 инвестициялық жобаның 43-і ғана жүзеге асырылған. Яғни, небәрі 15 пайызы іске қосылған. Мұның бәріне құр цифр ретінде қарауға болмайды. Өйткені соның кесірінен көптеген жұмыс орны ашылмай қалды», деді Мемлекет басшысы.

Салдарынан ел экономикасы миллиардтаған теңге қаржыдан қағылған. Президент бұл мәселеде Сыртқы істер министрлігі шетелден инвестор тарту үшін тиімді жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.

«Елшілер шетелдерде түрлі кездесу өткізіп, елімізге инвесторларды жетелеп әкеледі деуге болады. Бірақ жобаны жүзеге асыратын кезде жергілікті жерде түрлі мәселе туындайды. Бір сөзбен айтсақ, біз дайын инвесторлардан айырылып қалып жатырмыз. Тағы да қайталап айтамын, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасау яғни, жер бөлу, рұқсатнама беру, инфрақұрылыммен қамту – әкімдердің міндеті. Әрине, орталыққа да өзгеріс жасау керек. Осыған қатысты бірқатар ұсыныс бар екенін білемін. Премьер-Министр Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте бәрін қайтадан талқылап, өзара келісілген шешімді маған енгізуі қажет», деді Президент.