Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елге қандай мамандар қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Спановтың айтуынша, бірінші кезекте Қазақстанда инженерлер жетіспейді.
«Көбінесе бізге өнеркәсіп өнімдерін өңдейтін жоғары дәлдіктегі мамандар – инженерлер қажет. Сондай-ақ медицина саласының мамандары, өнеркәсіпте жаңа технологияларды қолдану үшін ұжымды оқытатын мұғалімдер, сонымен қатар өнеркәсіп мамандары қажет», деді Ілияс Спанов.
Бүгінде елімізде ресейлік мамандар жұмыс істейді. ЕАЭО келісіміне сәйкес, 2015 жылдан бастап ЕЭО-ның төрт мемлекетінің тұрғындары елімізге арнайы рұқсатсыз келіп жұмыс істей алады.