Бүгін Беларусьте қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін шұғыл тексеру басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тексеріс Беларусь президенті Александр Лукашенконың тапсырмасы бойынша Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшылығының басшылық етуімен жүргізіліп жатыр.
Осыған байланысты аймақтағы автомобиль жолдары мен учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған.