• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Желтоқсан, 2022

Би мен күй – жүрек сыры

355 рет
көрсетілді

Классикалық өнердің аңызына айналған әйгілі өнер шебері, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Болат Аюханов бақиға озды.

Саналы ғұмырын би өнеріне сарп еткен саңлақ әрбір қойылымын терең ой елегінен өткізіп, әбден пісіп-жетілген соң ғана көрерменіне ұсынатын-ды. Жан-тәнімен сүйетін кәсібінің әрі патшасы, әрі құлы іспетті балетмейс­тер «көрерменнің алдында қателесуге хақым жоқ» деп санады. Көрермені де оның осы жанкештілігі үшін ерекше құрметтеп, өнерін жоғары бағалады. Болат Ғазизұлының ұлттық өнердегі жұлдызы уақыт өткен сайын жарқырай түсетіні айқын.

Құбылысқа айналған тұлға классикалық өнер мен ұлттық музыканың терең үндестігі бар екенін жиі айтатын. «Би мен күй – жүрек сыры» дейтіні де сол ғой маэстроның.

Біз бүгін Болат Аюхановтың асқақ өнерін қадірлеген талғампаз жұртына, шәкірттері мен әріптестеріне, ағайын-туғандарына қайғырып көңіл айтамыз. Талантты шәкірттері бар кезде Аюханов мектебі жалғаса беретініне иманымыз кәміл.