17 желтоқсанда елордада Тәуелсіздік күніне орай тірек – қимыл аппараты зақымдалған, есту қабілеті төмен спортшылар арасында пара таеквондодан қалалық жарыс өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жарысқа қатысушылар «пхумсе» және «керегу» бағдарламалары бойынша әр түрлі салмақ санаты бойынша өнер көрсетеді.
Пара таеквондо жаттықтырушысы Ербол Симамбаевтың айтуынша, қалалық жарыс Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді. Жарысқа шамамен 20-ға жуық пара спортшы қатысады. Мұндай жарыстар қаламызда жиі өткізіліп тұрады. Бұл жарыс демонстрациялық орындау бағдарламасы бойынша өтеді.
Жарыс 17 желтоқсан күні сағат 11:00-де Паралимпиадалық жаттықтыру орталағында (Ақшоқы 2) өтеді.