• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Бокс 14 Желтоқсан, 2022

Астанада бокстан Қазақстан Республикасының ашық турнирі өтті

419 рет
көрсетілді

Елорда іргесінде орналасқан Аспан спорт кешенінде бокстан Қазақстан Республикасының ашық турнирі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған жарысқа барлығы 350 спортшы қатысқан. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабар таратты.

Байрақты бәсеке жастар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған. Былғары қолғап шеберлерінің додасында еліміздің барлық өңірлерінен келген спортшылар өз бақтарын сынады.

Жарысқа ұзын саны 350 спортшы жиналды. Олар жас ерекшеліктері бойынша 7 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.