Қызылорда – Теренөзек тасжолында жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайы Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тасжолда КамАЗ бен бензовоз көліктері жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Соның салдарынан 4 адам қайтыс болып, бір адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған.«Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», деп жазылған хабарламада.Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.