Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты 16 желтоқсанда Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы ХҚКО-лар жабылады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Желтоқсанның 17-сі мен 18-і демалыс күндеріне сәйкес келуіне байланысты ХҚКО ол күндері де жұмыс істемейді.
«Бұл ретте кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары сенбі, 17 желтоқсан күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін атап өтеміз», делінген хабарламада.
19 желтоқсаннан бастап ХҚКО қайтадан әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді.
Жұмыс күндері ХҚКО және Арнайы ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚКО және Арнайы ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.