• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Елорда 15 Желтоқсан, 2022

Елорда әкімі тағы бес тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездесті

186 рет
көрсетілді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында «Коргалжинский квартал», «Комсомольский», «Шығыс 4-1», «Тұран-Сығанақ» тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездескені туралы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Үлескерлермен кездесуді әрі қарай жалғастырамын. Бүгін тағы 5 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездестім. Олардың қатарында «Коргалжинский квартал», «Комсомольский», «Шығыс 4-1», «Тұран-Сығанақ» тұрғын үй кешендерінің үлескерлері, сол сияқты «Наш дом Аниса» тұрғын үй кооперациясының өкілдері бар.

Аталған көппәтерлі тұрғын үй кешендеріндегі үлескерлердің жалпы саны - шамамен 1,5 мың адам. Жылдар бойы тұрған үйлердің жай-күйі әртүрлі. Бірінде жақтауы ғана көтерілген, ал енді бірінде іргетасы ғана тұр. Мәселен «Шығыс 4-1» тұрғын үй кешенінің кейбір блоктары тек іргетасы күйінде ғана тұр», деп жазды әкім өзінің Instagram парақшасында.

Сондай-ақ кездесу барысында үлескерлер түрлі проблемаларды қозғады. Ол мәселелердің қатарында үйдің құрылысы, инженерлік желілер, сол сияқты абаттандыру, құжаттама және т.б. бар. Әкім құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды.

«Құрылысы ұзаққа созылған 51 нысанның ішінде осыған дейін 36 нысанның проблемалары шешілді. Қалған 15 нысанның 7-еуін алдағы айларда аяқтаймыз, 8 нысан 2023 жылы аяқталады», деп жазды әкім.

Қала әкімі мұндай кездесулерді барлық үлескермен, сол сияқты қаланың елді мекендері мен аудандарының тұрғындарымен жеке кездесу ұйымдастыратынын атап өтті.