• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Желтоқсан, 2022

Талғарда 9 адамды өрттен құтқарған өрт сөндірушіге «Ерлігі үшін» медалі табысталды

349 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес әскери және қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Нұрметов Ренат Нұрмағамедұлы «Ерлігі үшін» медалімен  наградталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрт сөндірушіге мемлекеттік награданы табыс етті.

Еске сала кетейік, 2021 жылғы 5 тамызда «101» нөміріне Талғар ауданы, Талғар қаласы, Рысқұлов көшесі, 66-үй мекенжайындағы 4 қабатты үйде түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген кезде пәтердің ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Тұрғындар үйдің ішінде адамдар болуы мүмкін екендігін айтты.

Нұрметов Ренат Нұрмағамедұлы газ-түтіннен қорғау қызметінің буынын басқарып, пәтерге кіріп, өрт ошағын сөндіре бастады. Барлау жүргізу барысында Ренат Нұрметов адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялады және тұрғын үй-жайларға оттың таралу қаупін болдырмады, сондай-ақ жоғарғы қабаттардан 9 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарды.

Ренат Нұрметовтің шебер іс-әрекетінің арқасында адамдар құтқарылып, өрт уақтылы сөндірілді.