• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Маусым, 2014

ҰБТ: үшінші күн

411 рет
көрсетілді

Жүректер лүпіл қағады. Мектеп партасының соңғы сынағы. Енді үлкен өмір баспалдағына жол ашады. Ағымдағы жылдың 4 маусымындағы тест тап­сы­руға 24104 түлек қатысып, өзде­рінің бағын сынады.Үлкен дайын­дықпен келген бұл күнгі дүбірлі дода 60 тест тапсыру орталығында есігін айқара ашты. Жыл сайынғы үздіге күткен бұл күнге 10 талапкер тәртіп бұзғаны үшін аудиторияға жіберілмеді. Талапкерлердің қалталарынан 11046 ұялы телефон, 7533 шпаргалка алынса, олардың жанынан 438 калькулятор шығып отыр. Сондай-ақ 82 фотоаппарат, 8 рация, 8 блютуз, 19 флешка, 17 wi-fi тағы бар. Сынақтың қыза түскен үшінші күнінде қорытындыны саралай келгенде алдындағы екі күнде қол жеткізген ең мәртебелі 125 балға ешкім қол жеткізе алмаған. 4018 түлек 100-ден астам балл жинаған. Бұл осы күнгі сынның 16 пайызын құрап отыр. Ал өткен жылы, яғни, 2013 жылы3231 талап­­­кер мұндай пәтижеге қол жеткі­­зіп еді. Ол дегеніңіз, 12,6 пайыз көр­сеткішті айғақтар еді. Салыс­­тыр­малы түрде алсақ өткен жыл­мен алғанда ілгерілегеннің сәл ғана байқалғанын бағамдар едік. Үшінші күнгі ҰБТ балы орта есеппен алғанда 77,1-ді құраған. Бұл бағам өткен, 2013 жылы 74,8 балл болып еді. Салыстыра қарағанда сәл ғана алға жылжы­ғанымызды байқаймыз. Ең төмен­­гі көрсеткіш деп саналатын 50 балды 5829 түлек жина­ған. Ал был­тырғы жылы бұл көрсет­кіш 7436 екен. Бұл көрсет­кіштер салыс­тыр­малы алған­да ҰБТ жоғары дең­гейде ұйым­дастырылды дей ала­мыз. Жас түлектердің талабына нұр жау­сын! Жас­тар­ды бола­шақ­та биіктерден көре беруге жаз­сын, – деп тілейік. «Егемен-ақпарат».