• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
06 Маусым, 2014

Көненің көзі

510 рет
көрсетілді

Семейде 1894 жылы Варшавада жасалған әмиян мен көне мөр табылды Осыдан бірер жыл бұрын Федор Достоевский атындағы мұражайдың қызметкерлеріне өлкетанушы Владимир Лушников ескі әмиянды сыйға тартады. Әуелде оған ешкім мән бермеген. Тек жақында ғана кіп-кішкентай жәдігерді қарап отырған мамандар оның көзге байқалмайтын тұста қалтарысы бар екендігін байқап қалады. Ол әмиянның алдыңғы бөлігіне орналасқан. Мұражай қорының сақтаушысы Татьяна Титаеваның айтуынша, қалтарысты ақырын ғана тартып қалған кезде, «Леонид Дмитриевич Струков» деп анық жазылған мөрі шыға келеді. Әмиян алақандай ғана дүние, көлемі 7х9 см, таза теріден жасалған. Бір қызығы онда ақша, тиындармен қатар алтын бұйымдарды да сақтауға болатындай етіп жасалған. Сонда да әмиян ертегідегідей ғажап болғандығы соншалық, ішіне қанша зат салса да сыртынан білінбей тұрады. Алақандай әмиянда 6 қалта бар. Ал мөрдің таңбасы 120 жыл өткеніне, әрі ұзақ уақыт қолданыста болғандығына қарамастан жап-жаңа күйде. Сапа деп осыны айт. Раушан Нұғманбекова. Семей.