• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Желтоқсан, 2022

Қызылордада ер адам көпірден секіріп кетті

239 рет
көрсетілді

17 желтоқсан күні сағат 00:00 шамасында Қызылордада 102 арнасына сол жағалаудағы аспалы көпірден белгісіз азаматтың секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті. Тексеру барысында азамат қайтыс болғандығы анықталды.Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.