• RUB:
    5.17
  • USD:
    478.54
  • EUR:
    533.76
Басты сайтқа өту
Футбол 17 Желтоқсан, 2022

Катардағы әлем чемпионатының қола жүлдегері белгілі болды

301 рет
көрсетілді

Хорватия құрамасы Катардағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жартылай финалда жеңіліп қалған Хорватия мен Марокко құрамалары қола медальді сарапқа салды. Ойын жылдам голмен басталды. 7-минутта Йошко Гвардиол хорваттарды алға шығарды. Бірақ екі минуттан соң африкалық құрама таразы басын теңестіріп тастады - Ашраф Дари баспен дәл соққы жасады.

Ал командалар үзіліске кетер тұста Мислав Оршич сол жақтан допты айналдыра теуіп, Хорватия құрамасының екінші голын салды.

Екінші таймда қауіпті шабуыл көп бола қоймады - барлық соққыны қақпашылар қайтара алды.

Осылайша, Хорватия құрамасы 2:1 есебімен жеңіп, тарихында екінші рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Соңғы жаңалықтар