• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Маусым, 2014

Елбасы тапсырмаларының орындалуына арналған басқосу

225 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Күн тәртібінде Қазақстан хал­қы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан хал­қы Ассамблеясының XХI сес­сия­сында Қазақстан халқы Ассам­блеясының алдына қойған тапсырмаларына сәйкес өңірлердегі Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының жұмыстарын жетілдіру мәселесі қаралды. Бірінші мәселе бойынша «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Виктор Киянский баяндама жасады. Партияның ұлтаралық сая­сатының негізгі тетігі – Парла­менттегі «ҚХКП» фракция­сы мен «Қазақстан халқы Ассамб­лея­сы­ның» бірлесіп жұмыс жасауы жөнінде «ҚХКП» фракциясының мү­шесі, «ҚХКП» Орталық ко­митетінің хатшысы, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің мүшесі Айқын Қоңыров сөз сөйледі. Жарыссөз барысында баян­даманы қолдап «Қазақстан хал­қы Ассамблеясы» депутаттық тобы­ның мүшесі Зухра Саяпова өз пікірімен бөлісті. «Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы» депутаттық тобы жетек­шісінің орынбасары Егор Кап­пель «Қазақстан халқы Ассам­блеясы» депутаттық тобы және өңір­лердегі мәслихаттар жанынан құрылған депутаттық топтардың жұмыстары жөнінде қосымша баяндады. Шараға Мәжілістің «Қазақ­стан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының мүшелері, Парламенттегі Президент Өкіл­дігі басшысының орынбасары Ескендір Құдайбергенов, Қазақ­стан Президенті жанындағы Мем­лекеттік басқару академия­сы Этносаралық және конфес­сияаралық қатынастар саласын зерттеу орталығының жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы Айгүл Сәдуақасова, Қазақстан Президенті жанын­дағы Мемлекеттік басқару ака­де­миясының «Жастар ортасындағы этносаралық қатынастар мәде­ниеті» атты республикалық жазғы мектеп тыңдаушылары қатысып, ой бөлісті.