• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Желтоқсан, 2022

Елордада 8 жастағы баланы көлік қағып кетті

195 рет
көрсетілді

19 желтоқсан күні сағат 17:50 шамасында Toyota Highlander автокөлігінің жүргізушісі Бұқар жырау көшесімен келе жатып, жолдың жүру бөлігінен бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп бара жатқан баланы қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты салдарынан 8 жастағы бала қалалық ауруханаға жеткізілді. Ол дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді. Аталған факті бойынша анықтау жүргізіліп жатыр.

Оқиғадан кейін жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жолды жарықтандырудың болмауына байланысты жолды жауып тастады. Жиналғандармен әңгіме жүргізілді.

Аталған учаскені жақсарту бойынша жол жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы ақпарат жергілікті атқарушы органға жіберілді.