• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Маусым, 2014

Еуразиялық экономикалық одаққа қосылам деушілерге есік ашық

316 рет
көрсетілді

АСТАНА. 6 маусым. Еуразиялық экономикалық одаққа қосылам дейтін мемлекеттерге ешқандай кедергі жоқ. Мемлекет басшысы Түркияға жасаған ресми сапары кезінде тілшілерге берген сұхбатында осылай деді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев: «Мәселен, Түркия мен өзге мемлекеттер болашақта аталған бірлестіктің ассоциативті мүшелері бола алар еді», – деді. Бұдан бөлек, Президент Армения мен Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуды жоспарлап отырғанын, сол сияқты, тағы да бірқатар мемлекеттер аталған бірлестікпен сауданы дамытуға ниет танытқандығын айтты. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: «ҚазАқпарат».
Соңғы жаңалықтар