• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Маусым, 2014

Еліміз өзiнiң ең басты стратегиялық мақсаттарына қол жеткiзедi

287 рет
көрсетілді

АСТАНА. 6 маусым. Мемлекетіміз Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өзінің ең басты стратегиялық жоспарларын орындайды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев осындай пікірде. Бұл туралы «24kz» хабарлады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте депутат еуразиялық интеграцияның үш басты қағидасын атап өтті. Мәулен Әшімбаев: «Еуразиялық интеграция Қазақстан тәуелсіздігін сақтап, оның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз еткен жағдайда ғана дамиды. Бұл – интеграцияның басты қағидасы. Екінші маңызды қағида – экономикалық прагматизм. Елдер нақты экономикалық мүддеге сай ықпалдасады. Бұл ешқандай да астарлы саяси мүдде емес, тек қана экономикалық қарым-қатынас. Соңғы қағида – мемлекеттер арасындағы теңдік және тең құқылық», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «24kz». Фото: nurotan.kz.