АСТАНА. 6 маусым. Үкімет қаулысымен Қосман Айтмұхаметов Өңірлік даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметов 1963 жылдың 29 тамызында Ақмола облысында (бұрынғы Целиноградоблысы) туған. 1986 жылы Ақмола инженерлік-құрылыс институтын, 2006 жылы Қазақ Гуманитарлық-Заң университетін бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Ақмола облысында «Изобильный» кеңшарында бастаған. Ол әр жылдары түрлі салаларда басшылық қызметтер атқарды. Сондай-ақ, 2009-2013 жылдар аралығында Ақмола облысы әкімінің орынбасары болды. Ал осы тағайындауға дейін Ақмола облысының әкімі қызметін атқарды.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: elarna.com.