АСТАНА. 6 маусым. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде Ақтөбе облысында ауыл мектебінің бітіруші түлегі 123 балл жинады. Бұл туралы «Диапазон» газеті хабарлады.
Байғанин ауданындағы №3 Қарауылкелді ауылдық мектебінің түлегі Аян Оразбек оқу озаты атанбай-ақ, «Алтын белгіге» үміткер болмай-ақ 123 балл еншілеген.
Жалпы, аталған облыста «Алтын белгіге» үміткер 325 түлектің 49,7 пайызы білім деңгейлерінің жоғары екенін дәлелдеп шыққан.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «Диапазон» газеті.
Фото: vk.com.