• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Желтоқсан, 2022

Кемеровода қарттар үйі өртеніп, 20 адам қайтыс болды

216 рет
көрсетілді

Ресейдің Кемерово қаласында екі қабатты жеке қарттар үйі өртеніп, 20 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Өрт алаңы 180 шаршы метрді құраған. Оқиға орнына 80-нен астам адам мен 28 бірлік техника тартылды.

Ғимараттың екінші қабаты толығымен өртенген. ТЖМ мәліметтері бойынша өрт салдарынан 20 адам қайтыс болған. Тағы жеті адамның тағдыры белгісіз. Зардап шеккен екі адам күйікпен ауруханаға жатқызылды, қазір олардың жағдайы ауыр.

Айта кетсек, бұл енді Кемероводағы қарттар үйіндегі алғашқы өрт емес. 8 қаңтарда екі қабатты «Алтын ғасыр» пансионаты өртенген еді. Оқиға салдарынан төрт адам қайтыс болды.