Биылғы жылдың 5 маусымында өткен тест тапсыруға 9 346 түлек қатысты.
Бұл жолғы сынақ додасы 32 пункт базасында тапсырылды.
Тәртіп бұзушылық болған жоқ.
Тест тапсырушылардан 2 938 ұялы телефон, 2 574 шпаргалка, 187 калькулятор, 16 фотоаппарат, 7 рация, 2 флешка, 1 қол сканер алынып, сынақ тапсыру орнына жіберілмеді.
Төртінші күннің қорытындысы бойынша, түлектердің ешқайсысы ең жоғары 125 балды жинай алған жоқ.
Бұл күнгі сынақта 1 404 оқушының (15%) 100-ден астам балл жинағаны анықталды. 2013 жылы мұндай нәтижеге 1 389 (13,4%) түлек қол жеткізген болатын.
Төртінші күнгі ҰБТ балы орта есеппен алғанда 78,2-ні құрады, өткен 2013 жылғы көрсеткіш 74,7 балл болған еді.
Ең төменгі көрсеткіш – 50 балды 1 888 (20,2%) түлек жинай алмады. 2013 жылы бұл көрсеткіш 3 074 (29,8%) болған-тын.
ҰБТ жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
«Егемен-ақпарат».