• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 25 Желтоқсан, 2022

Астанада Президент шыршасы өтті

559 рет
көрсетілді

Астанада «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман» атты балалар шыршасы өтті. Мемлекет басшысының атынан шыршаға астаналық 200 бала шақырылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Олардың ішінде жетім балалар, ерекше қажеттіліктері бар балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтылған, сол сияқты көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, оқуда, спортта, шығармашылықта жетістіктерге жеткен дарынды балалар бар.

Балаларға арналған түрлі-түсті шоу-қойылым, мультфильм кейіпкерлері және супер қаһармандардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Сондай-ақ балаларға киім-кешек, спорт дорбасы, ойыншықтары бар тәтті сыйлықтар сатып алу үшін сертификат тапсырылды.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Әрбір отбасыға, әр балаға зор денсаулық, бақыт, табыс тілеймін. Бүгінгі шырша тойы балаларымыз үшін арнайы ұйымдастырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Балалар жылы болып жарияланған болатын. Мемлекет балаларымыз бен олардың ата-аналарына жағдай жасау үшін аянбай еңбек етіп жатыр.

Елдің болашағы – бүгінгі балалардың қолында. Балалар бір жыл бойы барын салды, оқуда озат болды. Тілектеріңіздің орындалуын, алдағы жоспарларыңыздың іске асуын тілеймін. Жаңа жыл құтты болсын!», деді елорда әкімі Жеңіс Қасымбек.

Жаңа жыл қарсаңында елордалық балалар үшін аудан әкімдіктерінде шырша тойы өткізіледі.