Президенттің ресми Telegram-арнасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылға арналған қызметінің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мемлекет басшысының баспасөз қызметі қорытындыны инфографика түрінде ұсынды. Атап айтқанда, Президент өткен жылы 68 заңға, 137 бұйрыққа, 422 жарлыққа, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 594 шешімге, 4508 ресми құжатқа қол қойды.
Тоқаев сондай-ақ 60 жеделхат жолдады, 30 мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, 59 рет телефон арқылы сөйлесті, 7 үндеу жасады, бір рет конституциялық заңдарға жария түрде қол қойды.
Тоқаев 2022 жылы 19 елдің басшыларымен кездесіп, ұшақта шамамен 239 сағат болған. Сондай-ақ Президент 16 рет жұмыс сапарымен еліміздің аймақтарына барды, 14 елге 25 рет сапар шекті.