• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Желтоқсан, 2022

Биыл Қазақстанға бес миллионнан астам шетелдік келді

191 рет
көрсетілді

Елге келгендердің жартысынан көбі Ресей азаматтары. Бұл дерекпен көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл Қазақстанға бес миллионнан астам шетелдік келді. Бірінші орында Ресей Федерациясының азаматтары - 2 миллион 900 мың. Екінші орында Өзбекстан - 2 миллион 300 мың. Сондай-ақ Қазақстанға 730 мың қырғыз азаматы келген. Тәжікстаннан 330 мыңнан астам адам, Түркиядан 90 мыңға жуық адам келді», деп нақтылады Аслан Аталықов.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда 650 мың шетелдік бар.

Сондай-ақ 2022 жылы елден алты миллионға жуық адам кеткен.