Білікті жетекші-ұстаз, «Құрмет» орденінің иегері Нәсіпқали Дәулетов басқаратын Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектебінен биыл 35 оқушы ҰБТ-ға қатысып, ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. 35 түлектің 23-і «Алтын белгіге», 5 түлек «Ерекше аттестатқа» ие болды. Қалған оқушылар 120-121 ұпай жинап, мектептің орташа балы 115-ті көрсетті.
Жыл сайын бұл мектептің түлектері 100 пайыз грантпен жоғары оқу орнына қабылданып жүр. Ал биыл бір мектептен 23 түлектің «Алтын белгі» иегері атануы бұған дейін республикамызда болмаған ең үздік көрсеткіш екені даусыз.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
ОРАЛ.