• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
07 Маусым, 2014

Консультативтік кеңес отырысы

354 рет
көрсетілді

Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің төрағалығымен ТМД-ға қатысушы мемлекеттер сыртқы істер министрліктерінің консулдық қызмет басшылары Консультативтік кеңесінің ХХІ отырысы өтті. Отырысқа Армения Рес­пуб­ликасының, Беларусь Респуб­ликасының, Қырғыз Респуб­ли­касының, Ресей Федера­ция­сының, Тәжікстан Республи­ка­сының, Украинаның және ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты. Аталған шара барысында тараптар Еуропа одағымен ви­за­лық тәртіпті жеңілдету жөнін­де келіссөздер үдерісін жүргі­зу­дегі тәжірибелерімен бөлісіп,  ТМД аумағындағы еңбек мигрант­тарының жағдайлары, заңсыз еңбек көші-қон мәселелері және Дос­тастық елдері азамат­тарының өзара сапарлары бойынша ақпа­рат­тармен алмасты. Сонымен қатар, тараптар табиғи апат пен төтенше жағдайларда аза­маттарды эвакуациялау саласында ынтымақтасу және тараптар аумағында ТМД елдері азаматтарының ұсталуы, қамалуы және босатылуы жөніндегі хабарламаларды уақтылы жолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ, ТМД шеңберіндегі көпжақты конвенциялар ережелерінің орындалу мәселелерін талқылады. ХХІ отырыстың нәтижесі бой­ынша қол жеткізілген уағда­лас­тықтарды айқындайтын хаттамаға қол қойылды. «Егемен-ақпарат».