• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Желтоқсан, 2022

Астана көшелерінің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріледі

197 рет
көрсетілді

Астанадағы көше қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің есімімен аталады. Мәслихат депутаттары бұл шешімді бірауыздан қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәслихатта талқыланған екінші мәселе - Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру.

«Ономастика комиссиясының отырысында біз бірнеше мәселелерді қарастырдық. Олардың біріншісі қоғамдық кеңестерде, мәслихат отырыстарында талқыланды. Біз елорданың сол жағалауындағы әл-Фараби даңғылы 38 көшесін атау туралы шешім қабылдадық. Бұл көп жолақты көше - Тәуелсіздік даңғылының жалғасы. Болашақта ол үлкен даңғылдардың біріне айналады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордалық көшелердің бірін Асқар Забикулиннің есімімен атауды тапсырды. «Үркер» тұрғын алабындағы 583 көшесін қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші-құтқарушы Асқар Забикулиннің есімімен атауды ұсынамыз», деді елордалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.

Барлық депутаттар бұл бастамаларды қолдады.