• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Желтоқсан, 2022

Қарағанды-Ақадыр учаскесінде 19 вагон рельстен шығып кетті

359 рет
көрсетілді

Сағат 07:45-те Қарағанды-Ақадыр учаскесінің Қарабас станциясында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, апат жеке меншік иесіне тиесілі бірінші астық тасушының дөңгелек жұбының кептелуінен болған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Бұл учаскеде пойыздар қозғалысы көршілес жол бойымен ұйымдастырылған. Қарағанды, Құлайғыр станциялары бойынша екі жолаушылар пойызы кідірілді. Вагондардың жолдан шығу салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының қалпына келтіру пойызы тартылды.