Мемлекет басшысы «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.