• RUB:
    5
  • USD:
    442.84
  • EUR:
    480.97
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Желтоқсан, 2022

Камбоджада қонақүйден өрт шықты

202 рет
көрсетілді

Құтқару жұмыстарына азаматтық еріктілер тартылды. Камбоджа билігі де көрші Таиландтан көмек сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пойпет қаласындағы Grand Diamond City Casino қонақүйінде үлкен өрт шықты, адамдар өртеніп жатқан ғимараттан секіріп кеткен.

10-ға жуық адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жарақат алды. Казинода 400-ге жуық адам жұмыс істейтін. Өрт кезінде шетел азаматтары да болған.

Өрт қонақүйдің ойынханасындағы жанармай құятын бактың жарылуынан болған. Өрт ойын бөлмесінен тұрғын үйлерге тараған.