• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Желтоқсан, 2022

Конституциялық Соттың тағы үш судьясы тағайындалды

904 рет
көрсетілді

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Конституциялық Соттың судьясы лауазымына Қанат Мусиннің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутат Арман Қожахметов Конституциялық Соттың жаңа судьяларының кандидатураларын ұсына отырып, Қанат Мусиннің көптеген жылдар бойы құқықтық қорғау, әділет органдарында жұмыс істегенін, Парламент Мәжілісінің депутаты, комитет төрағасы болғанын атап өтті.

«Маған Конституцияның үстемдігін, азаматтарымыздың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерімді жұмсау мәртебесі берілді, жоспарлар үлкен, энергия көп, жұмыс істейтін боламыз», деді Қанат Мусин.

Екінші кандидат - Еркін Оңғарбаев.

«Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев - белгілі ғалым, заң ғылымдарының докторы, конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі. Қазіргі уақытта Еуразия ұлттық университетінің проректоры», деді Арман Қожахметов.

Қожахметов үшінші үміткер Сергей Ударцев екенін айтты. Ол әйгілі ғалым, заң ғылымдарының докторы, конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, бұрын Конституциялық Соттың судьясы болған. Қазіргі уақытта М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің ғылыми-зерттеу институтының директоры.

Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар кандидаттарды қолдады.