Кеше “Нұр Отан” ХДП Орталық аппаратында Партиялық бақылау комитетінің отырысы болып, онда Мемлекеттік қызметтердің және рұқсат беру құжаттарының сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Онда Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мемлекеттік органдардың қызмет көрсету әрекетін жетілдіру, лицензиялар мен рұқсат қағаздар беру мәселесін дұрыс шешуге, әкімшілік процедураларды оңтайландыруға бағытталған жұмыстар туралы баяндап берді. Сондай-ақ қоғамдық сарапшылар берген материалдар талқыланып, олардың негізінде әкімшілік кедергілер мен лицензияланатын қызметтерді азайту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жұмысы тиісті дәрежеде жүргізілмей келеді деген қорытынды шығарылды.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға осы мәселелерді жедел шешу бағытындағы ұсыныстар қабылданды.
Жақсыбай САМРАТ.