• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Маусым, 2014

Футбол. Қазақстан құрамасы Венгриядан ұтылып қалды

339 рет
көрсетілді

АСТАНА. 8 маусым. Кеше Будапешт қаласында футболдан Қазақстан құрамасы Венгрия командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 0:3 есебімен ұтылып қалды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. Ойын мадьяр жанкүйерлеріне ұлттық команданың Еуропа біріншілігінің іріктеу матчтарына қаншалықты дайын екенін көрсетуге тиісті болса, Қазақстан құрамасы үшін оның жаңа жаттықтырушы Юрий Красножанмен болашағы қалай қалыптасатынын байқатуы керек еді. Қазақстандықтардың старттық құрамы пәлендей жаңалық болып көрінген жоқ. Ойыншыларды алаңға команда капитаны Андрей Финонченко бастап шықты. Олар кездесудің 3-минутында-ақ бұрыштама беру құқығына ие болды. Айып добын Финонченко ортаға жеткізді. Оны Сергей Хижниченко әдемі қимылмен қақпаға ұруға тырысты. Бірақ нәтиже шықпады. Венгерлер бұған сол қанаттан жарып өту арқылы жауап қайтарды. Михай Корхут соның екпінімен айып алаңына доп асырды. Оны қонақтар қайтарып үлгерді. Ал осы допты Адам Дьюрчо қайтадан айып алаңына жеткізгенде, Балинт Вечеи басымен қақпаға ұрды. Әйткенмен, соққы тура барған жоқ. Алаң иелерінің қысымы осыдан бастап арта түсті. Сол қысымға шыдамаған Ренат Абдулин мен Валерий Коробкин ақыры ескерту алып тынды. Мұның арғы жағы алғашқы голға ұласты. Венгерлер бұрыштамадан доп бергенде, қорғаныстың орта шебіндегі Александр Кислицын өзінің «бағымындағы» Тамаш Пришкиннен көз жазып қалды. Сол-ақ екен мадьяр шабуылшысы Андрей сидельников қорғаған қақпаның торын бүлк еткізді. Осылайша ойынның 26-минутында есеп ашылды. Мұның артынан қазақстандықтар шабуылға көшті. Сол алақұйын барысында айып алаңына аптыға кірген Коробкин қақпаға жерлетіп доп бағыттады. Онысы қақпашы Даниэль Розсаның қолынан табылды. Сосын Марат Хайруллин айып добын ұрды. Алайда, бұл доп қақпадан едәуір алшақ кетті. Ал тайм соңында Пришкин тағы да өзінің бар екенін байқатып өтті. Оның айып алаңына алып кірген добына Роланд Варга сәл жетпей қалды. Қазақстан футболшылары екінші таймның басын да шабуылмен өткерді. Бұл өз кезегінде венгерлерді де үдере көтерді. Олар бірінші болып бұрыштама добын да берді. Бұрыштан жеткен доп Абдулиннің аяғынана Сидельниковтің қолына барды. Осы тұста Коробкиннің жүйкесі тағы да сыр беріп қойды. Осыдан екінші мәрте ескерту алған ол алаңнан кетуге мәжбүр болды. Мұнымен де тынбады. Осыған байланысты берілген айып соққыдан венгерлер 63-минутта венгерлер екінші голдарын соғып кетті. Әуелі Варга допты «қабырғадан» асырып тастады. Оны Сидельников ұстап қала алмады. Ала бауыр доп қақпаның ішінен бір-ақ шықты. Бұдан кейін Красножан жасаған бірнеше алмасушылық та команданың жағдайын жақсартқан жоқ. Бұған керісінше, қонақтар ойынның ең соңында, 90-минутта өз қақпаларына үшінші допты өткізіп алды. Оны Константин Энгель өз торына қарай сүңгітіп жіберді. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Sports.kz. Фото: Sports.kz.