• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Маусым, 2014

Ақтөбе облысында 2 млн. теңге талап еткендер ұсталды

275 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 9 маусым. Ақтөбе облысы Хромтау қаласында түн мезгілінде бес қабатты үйдің екінші қабаындағы пәтерге медициналық бетперде киген екі жігіт кіріп, үй иелерінен 2 миллион теңге талап еткен. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бетін тұмшалап алған екеу пәтерге терезе арқылы кіреді де, үй иелерін қорқытып, олардан 2 млн. теңге тауып беруді талап етеді. Сол арада шақырусыз келген «қонақтар» мен үйдегілер арасында төбелес болып, соның салдарынан үй иесінің інісі таяққа жығылады. Содан, қарақшылық шабуыл жасағандар екінші қабаттан секіріптүсіп, тайып тұрған. Ал жарақат алған жігіт ауруханаға жеткізіледі. Бұл оқиға жөнінде үй иесі – 42 жастағы  әйел орын алған келеңсіз жағдайды полиция бөліміне хабарлайды. Шұғыл іздестіру жұмыстарының нәтижесінде  криминалдық полиция қызметкерлері 19-20 жастағы үш жігіттің ізіне түседі. Оларды осы қылмысқа күдікті деп ұстап, Хромтау  аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау қамағына салған. Үшеуі де Ақтөбе қаласының тұрғындары болып шықты. Олардан тексеру кезінде пневматикалық пистолет алынғын. Енді күдіктілердің үстінен Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша іс қозғалды. Сатыбалды Сәуірбай. Дереккөз: egemen.kz. Фото: Bnews.kz.