Бүгін бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің отбасы тағы бір сәбимен толықты. Қазір Серіктің отбасында үлкен қуаныш. Оның жұбайы Мөлдір Балғабайқызының да жағдайы жақсы. Серіктің өзі сәбиді жақын арада перзентханадан шығарамыз деп отыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұл Серіктің отбасындағы үшінші сәби. Өздеріңізге белгілі, оның тағы мен Аққу мен Алуа есімді екі қызы бар.
Қазір Олимпиада, екі дүркін әлем чемпионы, спорт жөніндегі ЮНЕСКО чемпионы, «Вэл Баркер» кубогының иегері Қазақстан Бокс федерациясында спорт директоры болып қызмет етеді.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз: Қазақстан Бокс федерациясы.
Суретте: С.Сәпиев тұңғышы Аққумен.
Фото: google.com