• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Қаңтар, 2023

Семейде өрт шыққан үйден 4 жасар бала құтқарылды

524 рет
көрсетілді

Семейде тоғыз қабатты үйдің 5-қабатынан өрт шықты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 2018 жылы туған баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 2 қаңтарда болған. Өрт туралы хабар 17:16-да түсті.

«Өрт Шәкәрім даңғылы, 13-үй мекенжайында болды. Оқиға орнына жеткенде тоғыз қабатты үйдің 5-қабатындағы үйдің жеке заттары, жиһаздары, оргтехникасы, терезе блогы жанып жатқаны белгілі болды. Қызметкерлер қабырға конструкцияларын бұзып, 2018 жылы туған баланы аман алып қалды. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр. Бала дәрігерлердің бақылауында», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен. 

Өрт орнына екі автоцистерна, бір баспалдақ және жеке құрамнан 8 адам жұмылдырылды. Абай ауданы Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды еске салады.