Ақтөбе облысы ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалып қойған 43 жастағы ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қаңтар күні 19 сағат 20 минутта «Самара-Шымкент» тасжолының 1091 шақырымында «Chanse» маркалы жеңіл автокөлігі бұзылып, 1 жолаушы жолда қалып қойған.
Құтқарушылар хабарламаны алған бойда ер адамды құтқаруға жолға шыққан. Аталған автокөлік 1053 шақырымдағы «Айнагүл» кемпигіне жеткізіліп, 43 жастағы ер адам құтқарылды.