• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
10 Маусым, 2014

Құрметті профессор атанды

413 рет
көрсетілді

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің «Абай арманы» клубында жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Тұрсын Жұртбай қонақта болып, «Қайым Мұхамедханов және абайтану мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріске қаланың зиялы қауымы, университеттің профессорлық-оқытушылық құра­мы, студент-жастар қатысты. «Бүгінде Алаш идеялары жа­ңа қырынан танылып келеді, – деді Тұрсын Жұртбай қалың қауым­мен кездесу барысында. Біздің міндетіміз – олардың сол кездегі ұстанымын бүгінгі ұр­пақ­қа жеткізу...». Кездесу бары­сында студенттер де Тұрсын Жұрт­бай­дың шығармашылығымен кеңінен таныс екендіктерін айта келе, «Қоңыр қаз», «Жүрегімде – жұмыр Жер», «Жер-бесік», «Бейуақ» жинақтары, роман-новеллалары жастар арасында ең көп оқылатын кітапқа айналғанын мәлімдеді. Сту­денттердің әдебиетті терең түсі­нуі­не, зерттеп оқуларына ықпал етіп отырған университет ректоры, профессор Шәріпбек Әмір­беков алдағы уақытта да осындай кештердің, кездесулердің жиі ұйымдастырылуы қажеттігін тілге тиек етті. Кездесу соңында Тұрсын Жұртбайға «Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің құр­метті профессоры» атағы берілді. Студенттер осы жиын арқылы ұлттық идея, алаш­тану, Отанға деген құрмет тақырыптарында көптеген мәліметтер алғандығын айтып, пікірлерін ортаға салды. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА, журналист. Семей.