• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қаңтар, 2023

Қазақстанда қанша жол жабық тұр?

383 рет
көрсетілді

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда қар тазалау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыстарға 500 бірлік арнайы пайдалану техникасы жұмылдырылды. Бұл туралы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Qazavtojol ауа-райы нашарлаған сәттен бастап 2200 текше метр мұзға қарсы материал жұмсалғанын атап өтті.

«8:45 деректері бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық автожолдардың 32 учаскесі жабық күйінде қалып отыр. Трассалар Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында жабылды», делінген Qazavtojol баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Атап өтілгендей, ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдарда аса күрделі жол жағдайы қалыптасты.

«Өткен тәулікте аталған өңірлерде қар құрсауынан 200-ге жуық көлік тартылып, 346 адам құтқарылды», деп қосты Qazavtojol баспасөз қызметі.