• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 05 Қаңтар, 2023

Астанада екі жаңа ХҚКО ашылды

376 рет
көрсетілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Тәуелсіздік даңғылы, 16/1 және Қаныш Сәтбаев көшесі, 25 мекенжайында халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді Алматы облысының тұрғындары мемлекеттік қызмет алу үшін өздеріне ыңғайлы халыққа қызмет көрсету орталығын таңдай алады.

«Жаңа цифрлық кеңселерде сапалы қызмет көрсету үшін қажет нәрсенің бәрі бар. Атап айтқанда, құжаттандыру, жылдамдық, әлеуметтік қызмет көрсету аймағы, сондай-ақ жер кадастры қызметтерін көрсету бөлімі бар. Сондай-ақ ХҚКО-да клиенттер мемлекеттік органға өтініш бере алатын E-natizhe аймағы бар», делінген хабарламада.

Жаңа орталықтарда зейнеткерлер, көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустар, бөлек қызмет көрсететін терезелер қарастырылған.

Айта кетейік, Тәуелсіздік даңғылы, 32 мекенжайындағы ХҚКО 30 желтоқсанда жабылды. Екі жаңа халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарға жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетіледі.