• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 05 Қаңтар, 2023

Қаңтарда қаза тапқандардың рухына тағзым ету – азаматтық парызымыз - М.Әшімбаев

176 рет
көрсетілді

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook әлеуметтік желісінде қаңтар оқиғасына байланысты өз ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін Қасіретті қаңтар оқиғасына бір жыл толып отыр. Елдігімізге қауіп төндірген бұл оқиға тарихымыздың қайғылы парағы ретінде жазылды. Сол кезде шеруге шыққан халықты өз мүдделеріне пайдаланғысы келген қылмысты топтың мақсаты қандай болғаны қазір анықталып жатыр. Олар арандату арқылы ел іргесіне сызат түсіріп, жымысқы әрекеттерін іске асыруды көздеді. Алайда, елдің бірлігі мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың батыл шешімдерінің арқасында біз бұл сын-қатерді еңсеріп, кешенді реформаларды қолға алдық», деп жазды Сенат Төрағасы.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, халықтың әділеттілікке деген талабы мемлекеттік саясаттың негізгі тірегіне айналды.

«Қазіргі таңда әділеттілік қағидасын өмірдің барлық саласына енгізу үшін табанды жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы ортақ мақсатты іске асыруда бізге ұлт болып ұйысу қажет. Бұл – мемлекеттілікті нығайту және қасіретті күндердің қайталанбауы үшін аса маңызды міндет», деп қосты М.Әшімбаев.

Оның атап өтуінше, қазақстандықтар бұл оқиғаны әрдайым санада сақтап, одан сабақ алуға тиіс.

«Қаңтарда қаза болғандардың рухына тағзым ету – біздің азаматтық парызымыз. Бұл – еңселі елдіктің және бекем бірліктің белгісі. Енді тарихымызда мұндай қайғылы оқиғалар ешқашан қайталанбасын», деп қорытындылады Сенат Төрағасы.