• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
10 Маусым, 2014

Қостанайда мешіт ашылды

384 рет
көрсетілді

Қостанай қаласының 9-шы шағын ауданында мешіт ашылды. Оның ашылу салтанатына еліміздің бас мүфтиі Ержан қажы Малғажы­ұлы бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Қазақстан қажылары қауымдастығының делегациясы келді. Ержан Малғажыұлы қостанайлықтарды жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады. Облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов жұртшылыққа құтты болсын айта отырып, имандылық үйінің көбеюі өңірдегі халықтар бірлігінің, достықтың, жақсы өмірдің де кепілі екенін айтты. Ол облыстың барлық аудандары мен қалаларындағы, елді мекендеріндегі мешіттердің адамдарға рухани, адамгер­шілік тәрбие беретін имандылық ошағына айналғанын да тілге тиек етті. Мұнан кейін ел ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері игі тілектер білдірді. Бұл ХІХ ғасырдың аяғында Қостанай қаласында атақты ағайынды меценат Яушевтар салған ақ мешіттен кейінгі екінші имандылық үйі болып саналады. Жаңа мешітті облыстағы белгілі кәсіпкер Төлеген Жайлаубаев салды. Мешіттің құрылысы ол басқаратын «Компания «Ерлан» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігіне 400 миллион теңгеге түсті. Төлеген Ғалым­жанұлы мешіттің символдық кілтін облыс­тағы Марал ишан атындағы мешіттің имамы Асылбек қажы Түсіпбековке табыс етті. Жаңа мешіттің имамы Шоқан қажы Әмірханов қонақтарды мешіттің ішін аралап көруге шақырды. Мешіттің ашылу салтанатына орай кәсіпкер Төлеген Жайлаубаев түйе сойып, жиналған жамағатқа ас берді. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан». ҚОСТАНАЙ.