• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қаңтар, 2023

Медициналық мамандықта оқитын студенттердің шәкіртақысы өседі

543 рет
көрсетілді

2022 жылы республикалық бюджеттен 4700 білім гранты бөлінді, оның 1500 гранты резидентураға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің хабарлауынша, 2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында республикалық бюджет есебінен резидентураға гранттар санын 2500-ге дейін ұлғайту көзделген.

Сондай-ақ 2021 жылы бакалавриат студенттері үшін шәкіртақы екі есеге жуық, интерндер үшін 25 пайызға, резиденттер, магистранттар, докторанттар үшін 15 пайызға өскені хабарланды.

«2025 жылға дейін шәкіртақыны жыл сайын 15% және 20% арттыру жоспарланып отыр. Бұл жақсы оқуға қосымша серпін болады және біздің университеттерге мықты талапкерлерді қосымша тартады», деді Ғылым және адами ресурстар департаментінің Дәулет Алдынғұров.