• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қаңтар, 2023

«7-20-25»: 65 мыңнан астам несие рәсімделді

225 рет
көрсетілді

2023 жылдың 5 қаңтарындағы жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасы аясында 873,6 млрд теңгеге 65 554 несие берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биылғы жылдың 5 қаңтарындағы мәлімет бойынша, Астана қаласында 359,5 млрд теңгеге 23 130 несие берілген. Ал Алматыда 199,7 млрд теңгеге 13 055 несие берілді. Шымкент қаласында 60,9 млрд теңгеге 5 034 несие берілген», деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2022 жылдың желтоқсан айында елімізде «7-20-25» бағдарламасын жалғастыру жоспарланып отырғаны хабарланған еді.

«Мемлекет басшысының сайлауалды тұғырнамасында көрсетілгендей, Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасын жалғастыру жоспарда бар, бірақ толық ақпаратты Ұлттық банктен алған дұрыс деп ойлаймын», деді Индустрия вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев.