• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қаңтар, 2023

Қайрат Келімбетов қызметінен босатылды

382 рет
көрсетілді

Қайрат Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Нематұлы Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымынан босатылды», делінген хабарламада.

Қайрат Келімбетов 1969 жылы Алматыда дүниеге келген. Ломоносов атындағы ММУ, Президент жанындағы Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебін бітірген.

Әр жылдары стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы, Қаржы бірінші вице-министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Басқарма төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшысы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы қызметтерін атқарған.

2015 жылдың 24 желтоқсанында АХҚО басқарушысы болып тағайындалды.