• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Маусым, 2014

Мәжіліс бюросы: палатаның күн тәртібі

233 рет
көрсетілді

Қабиболла Жақыповтың төрағалығында Мәжі­ліс бюросы өтті. Онда палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Депутаттардың талқы­лауы­на бірқатар ратификацияланатын келісімдер шығарылады. Олар: Каспий теңізіндегі қауіп­сіздік саласындағы ынты­мақтастық туралы; Қазақ­стан-Ресей арасындағы Қа­зақ­стан аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресей­лік мұнайды тасымалдау са­ла­сындағы ынтымақтастық туралы; Ауғанстан Ислам Респуб­ликасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөнін­дегі іс-қимылдарға Италия Рес­пуб­ликасы Қарулы күштерінің Қазақстан аумағы арқылы әс­кери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы;  Өзбекстан Үкіметімен шекара өкілдерінің қызметі туралы келісімдер. Жалпы отырыстың күн тәртібіне халық қалаулылары бас­тамашы болған пошта бай­ланысы саласындағы заң­намасының нормаларын Дүниежүзілік пошта одағы актілерінің нормаларымен біріздендіру және пошта опе­ра­торларының қызметін реттеуге қатысты заңнама да енгі­зілген. Палатаға салалық комитет­терге жаңа заң жобаларына қоры­тынды әзірлеу мезгілдерін  нақ­тылау ұсынылды. Олар­дың қатарында: Еңбек қауіп­сіздігі мен гигиенасына жәр­дем­десетін негіздер туралы кон­венцияны (187-конвенция) ратификациялау туралы жә­не Азаматтық іс жүргізу мә­се­лелері бар. Осыларға «Бітімгершілік қызмет туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен жә­не депутаттардың бастама­шы­лы­ғымен жасалған Халықаралық теңіз ұйымының аудитінен өту туралы заң жобалары да  қо­сылды.