• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 06 Қаңтар, 2023

Астанада үйректі заңсыз атқан браконьер ұсталды

459 рет
көрсетілді

5 қаңтар күні әлеуметтік желіде ЖЭО маңындағы су қоймада үйректі заңсыз атқан ер адамның  видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті аталған жайтқа қатысты пікір білдірді. Комитет мәліметінше, күдікті бір адам ұсталған. Ол Астана қаласының тұрғыны болып шықты. Табиғат қорғау заңнамасын бұзған екінші адамның жеке басы анықталып жатыр. Құқық қорғау органдары екі азаматқа қатысты процессуалдық шешім шығарады.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысында үйрек аулау мерзімі тамыздың соңғы сенбісі мен 30 қараша аралығында жүргізіледі.