Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай ауданының орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с жел соғады. Семей қаласында күндіз бұрқасын, көктайғақ болады.
Ақмола облысында түнде қар жауады. Кей уақытта бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында 15-20 м/с жел соғады.
Ақтөбе облысының шығысында түнде қалың қар жауады. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған бұрқасын, оңтүстікте көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Астана қаласында бұрқасын жел күтіледі, күндіз көктайғақ болады.
Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде 15-20 м/с күшейеді. Атырау қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскемен қаласында күндіз бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні таулы аймақтарда 15-20 м/с. Тараз қаласында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында түнде бұрқасын күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды қаласында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының басым бөлігінде, облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауады, бұрқасын болады. Қостанай қаласында бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.
Қызылорда облысының солтүстігінде түнде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Маңғыстау облысының батысы мен шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел облыстың батысында, шығысында 15-20 м/с болады. Ақтау қаласында көктайғақ күтіледі.
Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында қарлы боран соғады. Күндіз оңтүстікте, облыс орталығында көктайғақ болады. Павлодар қаласында қар, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 25 м/с. Петропавл қаласында аздаған қарлы боран күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі. Түнде таулы аймақтарда екпіні 23-28 м/с жел соғады. Түркістан қаласында күндіз оңтүстік-батыстан 23 м/с жел соғады.
Ұлытау облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Түнде солтүстікте, облыстың шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жел соғады. Жезқазған қаласында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.
Шымкент қаласында күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 23 м/с жел соғады.