Өткен аптада Қазақстан Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов Киевте Украинаның жаңа сайланған президенті Петр Порошенконы ұлықтау рәсіміне қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Украинаға сапары аясында Кәрім Мәсімов сондай-ақ, бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Украинаның премьер-министрі Арсений Яценюкпен келіссөздер барысында қазақстандық-украиналық қарым-қатынастарды дамыту жағдайы мен перспективалары талқыланды.
Ал, Еуропалық кеңес төрағасы Херман Ван Ромпеймен кездесуде Қазақстан мен Еуропалық кеңестің екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту және кеңейту мәселелері қаралды.